Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының 2006 жыл 28 шілдедегі №247 қаулысымен Қаратөбе ауданы, Шөптікөл ауылында №21 кәсіптік мектеп атауымен мемлекеттік мекемесі құрылды. 2009 жылы Облыс әкімдігінің 26 қаңтардағы №32 қаулысымен Қаратөбе ауданының №21 кәсіптік мектебі мемлекеттік мекемесі – Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының №21 кәсіптік лицейі мемлекеттік мекемесі атауын алды.
2012 жыл Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 14 ақпандағы №32 қаулысы негізінде Қаратөбе ауданының №21 кәсіптік лицейі – Қаратөбе колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті Қаратөбе ауданының әділет басқармасында 2012 жылғы 6 тамыз 2013 заңды ұйым есебінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, № 111-1926-09-МК тіркеліп, 060840006810 бизнес сәйкестендіру номері берілген.
Білім беру қызметімен айналысуға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті 2013 жылы 11 маусымындағы №13009838 бас лицензиясы берілген. Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлеріне осы лицензияға №13009838 номерлі №003 қосымша 16.10.2013ж. берілген. Осыған сәйкес төмендегі 5 мамандық , 9 біліктілік бойынша енгізілген
№ |
Шифр |
Мамандық атауы |
Оқу мерзімі |
Лицензия номері |
|
1114000 |
Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) |
|
|
1 |
1114042 |
Электр газымен дәнекерлеуші |
1 жыл 10ай, 2 жыл 10 ай |
№13009838 |
|
1211000 |
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу |
|
|
2 |
1211032 |
Тігінші |
10 ай, 2 жыл 10 ай |
№13009838 |
|
1304000 |
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) |
|
|
3 |
1304012 |
Сандық ақпараттарды қайта өңдеу маманы |
10 ай, 2 жыл 10 ай |
№13009838 |
|
1401000 |
Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану |
|
|
4 |
1401032 |
Құрылыс шебері |
2 жыл 10 ай, 10 ай |
№13009838 |
5 |
1401042 |
Сылақшы |
2 жыл 10 ай, 10 ай |
№13009838 |
|
1504000 |
Фермер шаруашылығы (бейіні бойынша) |
|
|
6 |
1504042 |
Аспазшы |
10 ай, 2 жыл 10 ай |
№13009838 |
7 |
1504062 |
Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы-машинист |
2 жыл 10 ай, 10 ай |
№13009838 |
8 |
1504082 |
Автомобиль жүргізуші |
2 жыл 10 ай, 10 ай |
№13009838 |
9 |
1504092 |
Электр жабдықтарына қызмет көрсету электр монтері |
10 ай |
№13009838 |
Колледждің миссиясы:
Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген әлеуметтік серіктестіктер мен жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес, нәтижелі жұмыс жүргізе алатын, құзіреттілігі жоғары білікті маман даярлау.
Көзқарас: гуманитарлық және техникалық сала қажеттілігі үшін кәсіби құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауда Республикамыздың жетекші колледждерінің қатарына ену.
Стратегиялық бағыттары:
- Мамандардың бәсекеге қабілеттілігі мен кәсіби тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну сапасын арттыру.
- Білім алушылардың дамуы үшін, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту үшін жағдайлар жасау;
- Жұмыс берушілер мен кәсіби білім беру қызметін тұтынушылардың білімінің сапасы мен кәсіби дайындығы мазмұнының еңбек нарығының талабына сай келу сұранысын қамтамасыз ету;
- Жаңа мамандықтар ашу немесе мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын анықтау мақсатында еңбек ресурстары нарығын зерттеу;
- Әлеуметтік серіктестікті кеңейту, олардың кадр дайындау мәселесіндегі сұраныстарын ескеру үшін жұмыс берушілермен тығыз байланыста болу;
- Кәсіби қызметтің, кәсіби тәжірибенің және білім берудің технологияларын оптимизациялау, білім алушыға қызметтің жаңа әдістері мен түрлерін меңгерту арқылы өмірлік қажеттілігі бар әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге үйрету.
- Оқытудың инновациялық технологияларын енгізу: дуальді оқыту жүйесі, модульдік бағдарламалар;
Стратегиялық міндеттері:
- «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының адамгершілік-рухани құндылықтары мен салауатты өмір салты мәдениетінің нығаюына жәрдемдесу;
- колледждің инженер-педагог қызметкерлері мен қызметкерлердің кәсіби жетілдіруге және өзін-өзі танытуға, білім деңгейін арттыруға, шығармашылығын дамытуға оңтайлы жағдай жасалуын қамтамасыз ету.
- Оқу-тәрбие үрдісін дамыту үшін заманауи техникалық және инновациялық ресурстармен жабдықтай отырып, колледждің оқу үрдісіне үштілділік және модульдік оқыту жүйесін енгізу арқылы жұмысшы мамандарды және орта буын мамандарын даярлау;
- Колледждегі ғылыми әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру, тәжірибелі оқытушылардың іс-тәжірибесін тарату, кәсіби біліктілік деңгейін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту, талантты және дарынды студенттермен кешенді жұмыс жүйесін дамыту;
- Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу;
- Жаңа білім мазмұны аясында жастарды тәрбиелеудің идеологиялық және саяси стратегиялық мазмұнын қамтамасыз ету;
- Еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарына талдау жүргізу және түлектерді жұмыспен қамту;
- Ақпараттық коммуникативтік технология мүмкіндіктерін барынша пайдаланып, білім беруді ақпараттандыру және технологияландыру үрдісін жақсарту;
- Инженер педагогтардың кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру;
- Жаңа педагогикалық және заманауи ақпараттық технологияларды одан әрі пайдалану. «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ дайындаған, модульдік технология бағдарламаларын енгізу.
- Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін мотивация және ынталандыру жүйесі ретінде бағалаудың рейтингтік жүйесін жетілдіру.
- Колледждің материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылық-экономикалық жүйесін жетілдіру;