«Педагогтың кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі»

«Педагогтың кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі»

 

Еліміздің ертеңі—жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақты болашақ өмірге сеніммен аттандыру білікті ұстаздың қолында.

Ж.Аймауытовтың «Сабақ беру—үйреншікті, жәй сабақ беру емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер..» деген сөздерін ұстаздарымыз өздеріне түйін ретінде алып, бүгінде жан-жақты дамыған, өзгерістер ағымына ыңғайлануды мақсат етіп қойған.

Колледж әдіскері Досымаева Гүлжазира Сағиқызы  «Педагогтың кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі» тақырыбында арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған әдістемелік семинарын ұйымдастырып өткізді.

Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру мақсатында өткен әдістемелік семинар педагог-психолог Жайманова Шарбану Есетқызының «Сағат» тренингімен бастады.

Семинардың ақпараттық бөлімінде директордық оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Қалиев Бауыржан Мәлікмағзарұлы «Арнайы пәндерді оқытуда ойын технологияларын қолдану» тақырыбында баяндамасын жасады.

«Заманауи әдістер мен технологияларды қолданудың жаңа үрдістері» тақырыбындағы танымдық бөлімінде колледж әдіскері «Конфет» әдісі арқылы оқытушыларды «Жаңғақ», «Мейіз», «Өрік» топтарына бөліп, «5 әдістен 50 әдіске дейін» сабақ басында, сабақ ортасында, сабақтың соңында қолдануға тиімді жаңа тәсілдер мен әдістер түрлерін саралады.

«Мен зерттеушімін», «5 минуттық эссе» әдістері қолданылып, рефлексияға «Мейрамхана» стратегиясы қолданылды.

Қорытындылау кезеңінде инженер-педагогтар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, ой-пікірлері және ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта да осындай семинарларды көптеп өткізудің маңызы зор екендігін тілге тиек етті.