Бесбармақ түрлерін дайындау

Бесбармақ түрлерін дайындау

 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты—бәсекеге қабілетті маман дайындау. Осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырудағы оздырылған сабақтың мақсаты мен міндеті: білім беру үрдісіндегі жаңа мазмұндағы оқыту жүйесін  пайдалана отырып, қазақ ұлттық тағамдарын дайындау әдістерін үйрету, қазақы дәстүрді насихаттау болатын. Үш топқа бөлінген студенттер ұлттық тағамымыз асты—балықтан, тауық етінен және сиыр етінен дайындады. Дайындалған әр тамақ түрлері дәмі мен сапасы жағынан жоғары деңгейде орындалды. Болашақ аспаздар теориядан алған білімдерін практикада шебер көрсете алды.

3 курс аспазшы тобының өндірістік оқыту шебері Мұңайтпасова Жарқын Орынбасарқызының өткізген шеберлік сыныбы кәсіби сұранысқа ие маман даярлау мақсатында «Білім алушылардың білімдік белсенділігін арттыру технологиясын» пайдалану болып табылады. Оқытушы әр сабағында тағам дайындау әдіс-тәсілдерін түрлендіре отырып, үйрету арқылы студенттерге өндірістік ситуациялар беріп, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігін қалыптастыру бойынша бәсекеге қабілетті маман ретінде дамуына атсалысуда.