Педагогтың кәсіби шеберлігі—білім беру сапасын арттырудың құралы

Педагогтың кәсіби шеберлігі—білім беру сапасын арттырудың құралы

 

Кез келген оқу орнындағы білім беру сапасын арттыру үшін ең алдымен мұғалім біліктілігі жеткілікті дәрежеде, кәсіби шеберлік шыңына талпынған заманауи тұлға болуы тиіс. Кәсіби білікті ұстаз шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білуі тиіс. Кәсіби білікті ұстаз шәкірт қабілетін жан-жақты дамытып, шығармашылығын, ізденімпаздығын ұштай білуі тиіс. Осындай қабілетке ие ұстаздың бірі арнай пән оқытушысы Тәттіғалиева Жаннұр Аманжолқызы кәсіптік білім беруде жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін тұлға ретінде жан-жақты әрі қабілетті етіп тәрбиелеуді басты мақсат етіп қойған. Ал міндетіне—жеке тұлғаның өзіндік көзқарасын қалыптастырып және оны қорғай білуге үйрету, белсенділіктерін арттыру, ақыл-ой, таным қабілеттерін дамытуды алған. Жаннұр Аманжолқызының ұлттық құндылықтарға толы 3ші курс Асспазшы тобындағы «Ашытқысыз қамыр дайындау» тақырыбындағы ашық сабағы жоғары деңгейде өтті. Сабақ қызықты сергіту сәтімен басталып, үй тапсырмасын орындауда «Тыңда да, жадыңа түй» арнайы берілген тақырыптармен 2 топ өз презентацияларын қорғады. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» бөлімінде белгілі бір тақырыпқа топтық ән айту орындалды. Жаңа тақырып түсіндіріліп, бекітілгеннен кейін ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы шапшаңдыққа, ойдың ұшқырлығына баулитын сұрақтар қойылып, «ия/жоқ» жауаптары арқылы білімдері сынға түсті. Сабақтың танымдылығы арттырылып, халқымыздың спорттық ойынының бірі «Арқан тартыс» ойыны ұйымдастырылды. Арқан бойына байланған суреттермен тағамдардың дайындалу технологиясын айту жарыс түрінде орындалды. Одан соң оқушылар «Орамал тастамақ» ойыны негізінде ұйымдастырылған ВЕНГР сөзжұмбағындағы терминдерді тауып белгілеу тапсырмасын қызығушылықпен орындады. Сабақ соңында кері байланыс жасалып, оқушылар бағаланып, қорытындыланды.

ХХІ ғасырдың басында Ж.Аймауытов «Сабақ беру-үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер», - деген екен. Сондықтан педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу—оқыту мақсатына жетудің бірден бір жолы.

Мұғалім уақытты өткізу үшін әдістер қолданбайды, сабақ мақсатына жету үшін, әр жүрекке бір сәуле жағу үшін әдістер пайдаланады. Ал әр сабағында өзіндік ерекше әдіс-тәсілі бар Жаннұ Аманжолқызы жаңалыққа жаны құштар ұстаздардың бірі.