Кадрлар бөлімі

Кадрлар бөлімі (кадрлар жөніндегі инспектор), колледждің кадрларға қажеттілігін іріктеуді, болжауды және жоспарлауды, қажетті кадрлармен жасақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, тұрақты аттестаттауды өткізуге ықпал етеді, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік міндеттерінің сақталуына бақылауды, әлеуметтік-психологиялық климатты қолдау мен нығайтуды, жанжалдардың алдын алуды қамтамасыз етеді.

Негізгі міндеттері:

  • қызметкерлерді қабылдау, есепке алу және жұмыстан шығару;
  • уақытша жұмыс істемейтін колледж жұмысшыларымен жұмыс (демалыс кезінде, ауырып қалған, іссапарда жүрген және т.б.).
  • колледж қызметкерлерін іріктеу (іздеу және іріктеу);
  • колледж қызметкерлерін орналастыру және ауыстыру;
  • қызметкерлердің қалыптасуын қадағалау және қызметкерлерді бейімдеу;
  • есептерді дайындау;
  • қызметкерлердің кәсіптік даярлығы (біліктілігін арттыру және қайта даярлау);
  • қызметкерлерді қабылдауды ұйымдастыру (ресми және жеке мәселелер бойынша);
  • колледж қызметкерлерінің жазбаша өтініштерімен жұмыс жасау;
  • мұрағаттық-анықтамалық жұмыс;
  • колледж қызметкерлерінің қызметін құжаттау;
  • колледж бөлімшелерінде кадрлық жұмыс;
  • персоналдың жұмысын жоспарлау;
  • қызметкерлерді басқару.